2014 жылғы 28 қараша, Астана қаласы
Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын бекіту туралы
«Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10-7) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрi
Б. Сұлтанов ______________
2014 жылғы 12 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің
2014 жылғы 28 қарашадағы № 161 бұйрығымен бекітілген
Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жеке тұтынушыларға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға атаулы көмек беру тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары (бұдан әрі – ЖЭК қондырғылары) – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар;
2) жеке тұтынушыларға атаулы көмек (бұдан әрі – атаулы көмек) – жеке тұтынушылардың қазақстандық өндірушілерден жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін мемлекеттің өтеуі;
3) қазақстандық өндірушілер – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және:
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында толық өндірілген ретінде айқындалатын тауарларды;
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында жеткілікті қайта өңдеу критерийлеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған ретінде айқындалатын тауарларды өндіретін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
4) құрылымдық бөлімше – энергетика, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін ауданның жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі;
5) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) электр және (немесе) жылу энергиясын жеке тұтынушы (бұдан әрі – жеке тұтынушы) – орталықтандырылған электрмен жабдықтау экономикалық жағынан орынсыз, электрлендірілмеген елді мекендерде және (немесе) қоныстарда автономды режимде жұмыс істейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынатын жеке тұлға.
3. Мемлекет жеке тұтынушыларға осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен жиынтық қуаты бес киловаттан аспайтын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары құнының елу пайызы мөлшерінде атаулы көмек береді. Атаулы көмек жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғысы пайдалануға берілгеннен кейін төленеді.
4. Атаулы көмек беру үшін тиісті аудан әкiмiнiң (бұдан әрі – ауданның ЖАО) шешiмiмен комиссия (бұдан әрi – комиссия) құрылады. Комиссия құрамына комиссия төрағасы, энергетика, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін облыстың немесе ауданның өкілі, аумағында ЖЭК қондырғылары орналасқан ауылдық округ немесе ауыл әкімінің өкілі, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi кіреді.
Құрылымдық бөлімше комиссияның жұмыс органы болып табылады.
2. Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру тәртiбi
5. Атаулы көмек алу үшін жеке тұтынушылар ЖЭК қондырғысы пайдалануға берілгеннен кейін он төрт күнтізбелік күннен кешіктірмей құрылымдық бөлімшеге мынадай құжаттар ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы көмек алуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың және жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмелерi;
3) сенімхат (жеке тұтынушының құжаттарын басқа жеке тұлға ұсынған жағдайда) көшiрмесі;
4) жеке тұтынушының қазақстандық өндірушімен жасалған өтініште көрсетілген ЖЭК қондырғыларын сатып алуға шарттың көшірмесі;
5) еркін нысанда құрастырылатын өтініште көрсетілген ЖЭК қондырғыларын пайдалануға қабылдау туралы актi;
6) нөмірін көрсете отырып, екiншi деңгейдегі банктерде немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымда жеке шотының бар екені туралы екі данада анықтама.
6. Құрылымдық бөлімше:
1) үш жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды тексередi және комиссияның қарауына енгiзедi.
2) ЖЭК қондырғыларының қондырғыларды пайдалануға қабылдау актілерінде көрсетілген қондырғылар параметрлеріне сәйкес келуін көзбен шолып тексеру мақсатында жеті жұмыс күнi iшiнде комиссия мүшелерiнiң елді мекендерге және (немесе) қоныстарға баруын ұйымдастырады.
7. Комиссия тексеріп қарау қорытындылары бойынша үш жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық қуаты 5 кВт аспайтын ЖЭК қондырғыларын тексеріп қарау актiсiн (бұдан әрi – тексеріп қарау актiсi) жасайды.
Тексеріп қарау актiсі екі данада жасалады, жеке тұтынушыға және комиссияға бір данадан.
8. Комиссия тексеріп қарау актiсiнiң және жеке тұтынушы ұсынған құжаттар негiзiнде үш жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖЭК қондырғыларын сатып алуға атаулы көмек беру туралы қорытындыны (бұдан әрі – қорытынды) жасайды және оны құрылымдық бөлімшеге ұсынады.
9. Комиссияның қорытындысына ЖЭК қондырғыларын тексеріп қарауды және жеке тұтынушыға тиесілі атаулы көмектің сомасын есептеуді жүргізген комиссия мүшелері қол қояды, аудан әкімі бекітеді, сондай-ақ ауданның ЖАО мөрімен куәландырады.
Комиссияның қорытындысы үш данада жасалады:
1-ші, 2-ші даналар – ауданның ЖАО үшін;
3-ші дана – жеке тұтынушы үшін.
10. Егер Комиссияның қорытындылары бойынша жеке тұтынушыларға берілетін төлемдер сомасы бөлінген бюджеттік қаражаттың көлемiнен асып түсетін жағдайда, комиссияның қарауына бұрын түскен жеке тұтынушылардың өтiнiмдерi басым тәртіппен қанағаттандырылады.
11. Құрылымдық бөлімше комиссия қорытындыларының негізінде үш жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұтынушылардың атаулы көмек алатын тізімін қалыптастырады және аудан әкiмiне бекiтуге ұсынады.
12. Ауданның ЖАО жеке тұтынушыға атаулы көмек беруді өзi таңдаған екiншi деңгейдегі банктегi немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдағы жеке шотының деректемелерi көрсетілген өтiнiшiнің негiзiнде алушының таңдауы бойынша екiншi деңгейдегi банктер немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйым арқылы он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.
13. ЖЭК қондырғыларын сатып алуға бөлінген атаулы көмек туралы ақпарат тиісті жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей, ауданның ЖАО интернет-ресурстарында жылына бір рет орналастырылады.
Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру
қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Атаулы көмек алуға өтінім
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің
____________________________________________________________________
(өтінім берушінің ТАӘ, өтінім берушінің ЖСН, өтінім берушінің жеке басын
куәландыратын құжаттың деректері)
қазақстандық өндірушіден төменде көрсетілген,___________________________
________________________________________________________мекенжайында
(мекенжайды көрсету)
орналасқан жиынтық қуаты 5 кВт-қа дейін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын (бұдан әрі – ЖЭК қондырғысы) сатып алуыма байланысты, маған атаулы көмек беруіңізді сұраймын:
Р/с № ЖЭК қондырғы
ларын қазақстандық өндірушінің атауы Зауыттық нөмірі көрсетілген ЖЭК қондырғы
ларының атауы ЖЭК қондырғы
сының қуаты,
кВт ЖЭК қондыр
ғысының құны,
теңге Өтелетін болжамды
сома,
теңге ЖЭК қондыр ғысының нормативтік пайдаланудың
мерзімі (жыл)
1 2 3 4 5 6 7
Жиыны:
Барлық берілген құжаттар мен ақпараттың шынайылығына кепілдік беремін.
Атаулы көмек сомасын мынадай деректемелер бойынша жүргізуді сұраймын:
Жеке тұтынушының ЖСН немесе БСН:_____________________________
____________________________________;
Банктік шоттың немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдағы жеке шотының №:
____________________________________________________________________;
Банктің немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымның атауы:
____________________________________________________________________;
Банктің немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымның жеке коды:
____________________________________________________________________
Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
(қоса берілетін құжаттардың тізімі)
ТАӘ Қолы Күні
Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Жеке тұтынушыны электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін
жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын тексеріп
қарау актісі
20__жылғы «___» №______
__________________________________________________ мекенжайы бойынша
(елді мекеннің және (немесе) қоныстың атауы)
Біз, төменде қол қоюшылар, комиссия төрағасы:
____________________________________________________________________
(лауазымы, ТАӘ)
комиссия мүшелері:
____________________________________________________________________
(лауазымы, ТАӘ)
____________________________________________________________________
(лауазымы, ТАӘ)
____________________________________________________________________
(лауазымы, ТАӘ)
бір тараптан және жеке тұтынушы_________________________________екінші
(ТАӘ)
тараптан мынадай жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларына (бұдан әрі – ЖЭК қондырғысы) көзбен шолып тексеру жүргізілгені туралы осы актіні жасадық:
ЖЭК қондырғысын қазақстандық өндірушінің атауы:__________________
ЖЭК қондырғыcының атауы_______________________________________
зауыттық нөмірі ____________қуаты ______ кВт,
ЖЭК қондырғысының атауы_______________________________________
зауыттық нөмірі ____________қуаты ______ кВт.
Көзбен шолып тексеру барысында жоғарыда көрсетілген ЖЭК қондырғыларының шын мәнінде орнатылғаны, пайдалануға берілгені және жұмыс істейтіні белгіленді.
Комиссия төрағасы: ___________________________________________________________
(лауазымы, ТАӘ)
комиссия мүшелері:
____________________________________________________________________
(лауазымы, ТАӘ)
____________________________________________________________________
(лауазымы, ТАӘ)
Жеке тұтынушы:
____________________________________________________________________
(ТАӘ, қолы, мөрі)
Жеке тұтынушыларға атаулыкөмек беру қағидаларына 3-қосымша
Нысан
«Бекітемін»
_________________________
(облыстың атауы)
__________ауданының әкiмi
_________________________
(ТАӘ, мөрі)
Жеке тұтынушыға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану
қондырғыларын сатып алуға атаулы көмек беру туралы қорытынды
№ _______ ________
күні
____________________________________________________________________
(жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларының (бұдан әрі –
ЖЭК қондырғылары) орналасқан жері, оның ішінде елді мекеннің және
____________________________________________________________________
(немесе) қоныстың атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(кім құрған, ауданның ЖАО атауы, күні, комиссия құрамы туралы
___________________________________________________________ құрылған,
шешімнің нөмірі)
құрамында төраға: ____________________________________________________
(ТАӘ, атқаратын лауазымы және жұмыс орны)
және комиссия мүшелері:
_________________________________________________________________ бар
(ТАӘ, атқаратын лауазымы және жұмыс орны)
комиссия қаралған құжаттардың нәтижелері бойынша: _____________________
(құжаттар тізбесі келтіріледі)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
және ЖЭК қондырғысын тексеріп қарау нәтижелері бойынша жасалған комиссия
актісінің негізінде____________________________________________
(қарап тексеру жүргізілген күн мен
____________________________________________________________________
қондырғыны тексеріп қарау актісінен алынған қорытынды келтіріледі)
мынадай қорытынды қабылдады:
____________________________________________________________________
(атаулы көмекті төлеудің ұсыным берілетін сомасын көрсете отырып,
____________________________________________________________________
комиссия қабылдаған қорытындының негіздемесі келтіріледі)
Қорытындыға қосымша:
1) қаралған құжаттардың тізбесі
2) ЖЭК қондырғыларын тексеріп қарау актісі
3) атаулы көмек төлемі сомасының есебі
____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
___________________________ ______________________
(қолы) (ТАӘ)
комиссия мүшелері:
___________________________ ______________________
(қолы) (ТАӘ)
___________________________ ______________________
(қолы) (ТАӘ)
Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларына 4-қосымша
Нысан
«Бекітемін»
__________________________
(облыстың атауы)
___________ауданының әкiмi
__________________________
(ТАӘ, мөрі)
Атаулы көмек алатын жеке тұтынушылардың тізімі
(жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары
құнының 50 %-ын өтеу үшін)
Жаңартыла
тын энергия көздерін
пайдалану қондырғыла
рының атауы (бұдан әрі – ЖЭК қондырғыcы) ЖЭК қондыр
ғыcы
орналас
қан елді мекеннің және/ немесе қоныстың атауы Жеке тұтынушының ТАӘ ЖЭК қондыр
ғысының қуаты, кВт ЖЭК қондыр
ғысы
ның құны, теңге
Бюд
жеттік қаражат
тың тиесілі сомасы, теңге 20__ж. «___»
_____ төленуге
тиіс, теңге
1 2 3 4 5 6 7
Жиыны:
Төленетін сома __________(цифрлармен) ________________(жазбаша) теңге.
__________ауданының құрылымдық
бөлімшесінің басшысы _______________________
(ТАӘ, қолы)
Бас бухгалтер _______________________
(ТАӘ, қолы)
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 13 қаңтардағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10083 болып енгізілді.